2018 жылғы футболдан әлем чемпионаты өтпесін! Мұндай пікірді Ұлыбританияның вице-премьер министрі Ник Клегг білдірді, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.
2018 жылғы футболдан әлем чемпионаты өтпесін! Мұндай пікірді Ұлыбританияның вице-премьер министрі Ник Клегг білдірді, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.
Жексенбі күні Sunday Times басылымына берген сұхбатында ол футболдан әлем чемпионатын Ресейден тартып алуды ЕуроОдақтың Мәскеуге қарсы жасалған санкияларының қатарына қосу керек екенін айтқан.
«Ресейден әлем чемпионатын тартып алу бұл таза саяси санция болуы керек. Менің ойымша, дәл қазір Владимир Путин өзінің абыройын ойлап жатыр. Егер дәл осындай жағдайда біз Ресейде әлем чемпионатын өткізетін болсақ, біз Ресейдің алдында бүкіл әлемнің әлсіз екенін көрсетеміз. Ресейдің Украинаға жасаған солақай саясатын көре тұра бұл елде мұндай шараны өткізу әділетсіз болады», - дейді вице-премьер.
Оның сөзін қолдаушылар да жоқ емес. Мәселен, осыдан бірнеше ай бұрын америкалық сенаторлар Марк Кирк пен Дэн Коатс ФИФА-ға Ресейді өз құрамын шығарып, ол елден әлем чемпионатын өткізбеу туралы ресми хат жазған еді. Бірақ, ол хатқа жауап жазылған жоқ. Ник Клеггтің сөзін футболдан Нидерланды құрамасының бұрынғы бапкері Джон вант Схип пен Германияның консерваторлар блогының басшысы Михаэль Фукс қолдап, байкот жариялауды талап етуде.
Бүгін британдық вице-министрдің сөзін Украинаның ішкі істер министрі Арсен Аваков қолдап, Ресейден әлем чемпионатынын өткізу құқығынан айыру керектігін айтты. «Бүгінде Украина футбол федерациясы мен министрлер кабинеті бір позицияны ұстанып, қысым көрсету және террорлық топқа қолдау көрсетуге байланысты санкция жан-жақты болу қажет. Бұл жерде міндетті түрде Ұлыбритания ұстанған позицияны қолдау керек. Британдық премьер-министр Ресейден чемпионатты тартып алуды ұсынды. Украина бұл ұсынысты біз ауыздан қолдауға тиіс. Мен өз басым қолдаймын», - дейді Аваков.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.