Футболдан әлем чемпионатын қазақстандық арналар көрсетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футболдан әлем чемпионатын қазақстандық арналар көрсетеді Фото Кpravda.com

Төрткүл дүние көз тіккен футболдан әлем чемпионаты биыл Бразилияда өтеді. Іріктеуден сүрінбей өткен 32 елдің құрама командалары арасындағы кездесулерді қазақстандық арналар тікелей эфирде көрсететін болады. Бұл туралы "Қазақстан РТРК" АҚ басқарма төрайымы Нұржан Жалауқызы мәлімдеді, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Төрткүл дүние көз тіккен футболдан әлем чемпионаты биыл Бразилияда өтеді. Іріктеуден сүрінбей өткен 32 елдің құрама командалары арасындағы кездесулерді қазақстандық арналар тікелей эфирде көрсететін болады. Бұл туралы "Қазақстан РТРК" АҚ басқарма төрайымы Нұржан Жалауқызы мәлімдеді, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Астанада бір айдан кейін басталатын футболдан әлем чемпионатын трансляциялау мәселелеріне арналған баспасөз мәслихаты өткен болатын. Биылғы чемпионат барысындағы басты ерекшелік, қазақстандық комментаторлар мен журналистер аталған шараны алғаш рет сол елден баяндамақ. Сондай-ақ, бір уақытта екі ойын өтетін болса, телеарналар оны өзара бөліп көрсетеді. Әлем біріншілігі барысындағы ойындарды "Қазақстан", "Қазспорт", "Еуразия-ОРТ" арналары тікелей эфирден көрермен назарына ұсынады.

"Футболдан өтетін әлем чемпионаты қазақстандық ақпарат құралдарының ішінде "Қазақстан" мен "Еуразия" арнасынан көрсетіледі. Футбол жанкүйерлерін біздің арна арқылы әлем чемпионатын тамашалауға шақырамын. Біздің комментаторлар сол жерде отырып жұмыс істейді. Футбол додасының 32 ойынын "Еуразия", 33 ойынды "Қазақстан" телеарнасы көрсетеді. Кейбір ойындарды тікелей эфирден "Қазспорт" арнасы ұсынып, барлық қайталауларды эфирден береді", - деді Нұржан Жалауқызы.

Аймақтық іріктеу жарыстарын қоса есептегенде әлем чемпионаты 3 жылға жалғасады. Биыл өтетін жарысқа барлығы 204 команда іріктеу кезеңдерінде өнер көрсетті. Іріктеу турнирінің қортындысы бойынша 31 команда жолдама алды. Сонымен қатар, Бразия құрамасы қатысады.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.12  course down  603.32  course up  6.44  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети