04 шілде 2014 13:15

Футболдан әлем чемпионатында жеңуі мүмкін құрамалар аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Vestikavkaza.ru ©Vestikavkaza.ru

Қазақстан букмекерлері футболдан 2014 жылғы әлем чемпионатының жеңімпаз атануы мүмкін командалары туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан букмекерлері футболдан 2014 жылғы әлем чемпионатының жеңімпаз атануы мүмкін командалары туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның букмекерлер мен тотализаторлар қауымдастығы ҚР ойыншыларының бәстері туралы ақпаратқа сілтеме жасай отырып, турнирдің басты фавориті Бразилия екенін хабарлады. Одан кейінгі орындарда Аргентина, Германия мен Франция тұр. Ал "Олимп" сайтындағы дауыс берудің нәтижесіне қарағанда, ӘЧ-2014 жеңімпазы Германия болуы мүмкін. Неміс құрамасының жеңісіне респонденттердің 35,2%-ы сеніп отыр. Одан кейінгі орындарды Нидерланды (23,6%), Бразилия (20,4%) және Аргентина (12,9%) иеленіпті.

Қауымдастық өкілдері мундиальдің басынан бері бәс тігу көлемі мен оған қатысушылар санының еселенгенін айтады. "Чемпионаттың барлық ойынының қызықты, тартысты жағдайда өтіп жатқаны таңғалдырады, сондықтан ойындардың қай-қайсысына да сұраныс өте жоғары", - дейді қауымдастықтың баспасөз қызметі. Кеңселерде ӘЧ-2014-тің әрбір ойынына бәстің мыңнан астам нұсқасы ұсынылады екен.

Букмекерлер қазақстандық жанкүйерлерге дұрыс кеңсені таңдауға кеңес береді. "Республиканың кез келген кеңсесі ставка қабылдау ережелерін қатаң сақтаудағы міндеттемелерін орындай бермейді. Бәс тігушілердің кеңселерден өзіне тиесілі ұтысты ала алмай жүретін кезі көп", - дейді қауымдастық өкілдері.

Еске сала кетейік, Бразилияда өтіп жатқан футболдан 2014 жылғы әлем чемпионаты ширек финал кезеңіне аяқ басты. Бүгін, 4 шілде күні осы кезеңдегі алғашқы ойын - Германия - Франция кездесуі өтеді.

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети