Футболдан ел кубогының жартылай финалына шыққандар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футболдан ел кубогының жартылай финалына шыққандар Фото pfl.kz сайтынан

Қазіргі ел футболындағы ең азулы командалар, яғни "Ақтөбе", "Қайрат", "Шахтер" және "Астана" клубтары Қазақстан кубогының жартылай финалына шықты, - деп жазады Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазіргі ел футболындағы ең азулы командалар, яғни "Ақтөбе", "Қайрат", "Шахтер" және "Астана" клубтары Қазақстан кубогының жартылай финалына шықты, - деп жазады Tengrinews.kz.

Аталған төрт клуб ширек финалда "Тараз", "Атырау", "Ертіс" және "Тобыл" клубтарын ел кубогы додасынан тыс қалдырды.

Осы төрт ойында "Таразды" жолынан тайдырған "Ақтөбе" сапындағы Алексей Антоновты бөле-жара атап өтуге болады. Осыдан бір апта бұрын ғана Қазақстан клубымен келісім-шартқа отырған Украина шабуылшысы әлден сенімді ақтай бастады.

Ал "Қайрат" сапында өзіміздің отандық футболшылар көзге түсе бастады. Бұл жолы екі голды Аслан Дарабаев пен Бауыржан Исламхан соқты.

Қазақстан кубогы. Ширек финал

"Ақтөбе" – "Тараз" – 2:1
Голдар: Антонов, 22 (1:0). Тілешев, 62 (1:1). Антонов, 89 (2:1).
"Ақтөбе": Сидельников, Арзуманян, Логвиненко, Мирошниченко, Левин, Кападзе, Пиззелли (Шабалин, 61), Хайруллин, Тағыберген, Антонов (Коробкин, 90), Зенькович.
"Тараз": Нарзикулов, Рок, Воротников, Скорых, Айтбаев, Сергиенко, Евстигнеев, Байтана, Щеткин (Тілешев, 61), Әмірханов (Банджар, 89), Недашковский (Досмағамбетов, 26).

"Атырау" – "Қайрат" – 1:3
Голдар: Трифунович, 39 (1:0). Дарабаев, 59 (1:1). Исламхан, 66 (1:2). Кнежевич, 70 (1:3).
"Атырау": Шабанов, Бутуев, Чуреев, Абдулин, Пласконный, Коструб, Карпович, Эссаме (Пархачев, 61), Афанасьев (Нұрыбеков, 75), Трифунович (Пейкришвили, 83), Блажич.
"Қайрат": Хомич, Плиев, Гурман, Кислицын (Қуантаев, 88), Смақов, Бакаев, Едигарян, Исламхан (Нұрмұғамет, 75), Кнежевич, Маркович (Михалик, 80), Дарабаев.

"Астана" – "Тобыл" – 4:0
Голдар: Кояшевич, 45. Кояшевич, 47. Сисеро, 75. Кетевоама, 90.
"Астана": Эрич, Аничич, Мужиков (Нөсербаев 78), Бейсебеков (Ахметов, 65), Жуков, Постников (Дмитренко, 58), Шомко, Каньяс, Кояшевич, Кетевоама, Сисеро.
"Тобыл": Сатыбалдин, Тонев, Кучера, Аслан, Кұргулин, Богданов, Волков, Йеслинек (Малышев, 81), Сүлей (Красич, 74), Бугаев, Гикиевич (Красич, 58).

"Шахтер" – "Ертіс" – 1:0
Гол: Мурзоев, 62.
"Шахтер": Мокин, Симчевич, Джидич, Василевич, Порываев, Қонысбаев (Саломов, 80), Тарасов (Байжанов, 7), Вичюс, Финонченко, Муртазаев, Мурзоев (Топчагич, 63).
"Ертіс: Калмыков, Чичулин, Чучман, Чернышов, Тотай, Мухутдинов (Бегалин, 85), Говедарица (Аманов, 78), Дудченко, Юрин, Бурзанович (Бакаев, 65), Старокин.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети