Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері қайтыс болды © Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Разия Төлеуқызы Нүркенова 52 жастан асқан шағында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Разия Төлеуқызы Нүркенова 52 жастан асқан шағында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан футбол федерациясы Разия Нүркенованың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қатты қайғырады. Спорт мамандары мен жанкүйерлердің ортасында Разия Нүркенова еліміздің тәуелсіз тарихындағы Қазақстан құрамасының алғашқы шабуылшысы ретінде кең танымал", - дейді федерация өкілдері.

Рәзия Төлеуқызы қарағандылық "Олимп" әйелдер футбол клубында спорт мансабын бастап, 1987-1991 жылдардың аралығында ойнады.

1992 жылы Нүркенова Ресейдің Самара қаласының ЦСКА ВКС футбол клубынан шақырту алады. 2001 жылға дейін шабуылдаушы жартылай қорғаушы болып ойнады. Разия Төлеуқызы Қазақ КСР, КСРО, ТМД, Қазақстан және Ресей құрамаларына да шақырылған.

Қазақстан футбол федерациясының ұжымы Рәзия Төлеуқызы Нүркенованың өмірден мезгілсіз өтуіне байланысты қатты қайғырып, марқұмның отбасына, туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети