Футболдан Қазақстан жастар құрамасы (U-21) Санкт-Петербургте өтіп жатқан Достастық Кубогы-2015 халықаралық турнирінде бірінші жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Турнирдің екінші матчында қазақстандықтар Литва жастар құрамасынан айласын асырды.

С тобындағы кездесу 1:0 есебімен Қазақстан жастар құрамасының пайдасына шешілді. 57 минутта соғылған жалғыз голдың авторы - "Ақтөбе" футболшысы Абат Айымбетов. Осы жеңісінің арқасында Саулюс Ширмялистің шәкірттері екі ойыннан кейін үш ұпай жинап тұр, ал Литва құрамасында бір ғана ұпай. Кездесудің видеосын мына жерден көре аласыздар.
Топтық кезеңнің соңғы матчында футболдан Қазақстан жастар құрамасы ОАР командасымен кездеседі. Кездесу 20 қаңтарда, сейсенбі күні өтеді.
Еске сала кетейік, турнирдегі бірінші ойынында футболдан Қазақстан жастар құрамасы Тәжікстан футболшыларымен кездесіп, 0:1 есебімен жеңіліс тапқан еді. Жалғыз голды 52 минутта Джахонгир Эргашев соқты.