Бүгін футболдан Қазақстан кубогы додасының жеребесі тартылып, жартылай финалда кездесетін жұптар анықталды, - деп жазады Tengrinews.kz.
Бүгін футболдан Қазақстан кубогы додасының жеребесі тартылып, жартылай финалда кездесетін жұптар анықталды, - деп жазады Tengrinews.kz.
Жартылай финалға қазіргі таңдағы ең азулы командаларымыз, яғни "Ақтөбе", "Қайрат", "Шахтер" және "Астана" клубтары шыққан болатын.
Бұл жолы ел кубогының жеребесін тарту құрметі Қазақстан футболының ардагері Мэлс Кенетаевқа ұсынылыпты. Мэлс ағаның қолымен жартылай финалда алматылықтар қарағандылықтармен, ал астаналықтар ақтөбеліктемен кездесетін болды:
1/2 финал
"Қайрат" – "Шахтер"
"Ақтөбе" – "Астана"
Бірінші ойындар 16 тамыз күні өтеді, ал қарымта кездесулер 24-25 қыркүйек күндеріне белгіленген. Ел кубогының финалы 22 қараша күні өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, бұл төртеуі, яғни "Ақтөбе", "Қайрат", "Шахтер" және "Астана" ширек финалда, жазылу ретімен "Тараз", "Атырау", "Ертіс" және "Тобыл" клубтарын ел кубогы додасынан тыс қалдырған болатын.