24 қазан 2014 | 11:59

Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2016 матчтарын Алматыда өткізе алмайды - ҚФФ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық жанкүйерлер Алматының Орталық стадионында. ©Ярослав радловский Қазақстандық жанкүйерлер Алматының Орталық стадионында. ©Ярослав радловский

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) футболдан Қазақстан құрамасы не үшін Алматының Орталық стадионында ойнай алмайтынын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұған дейін көптеген жанкүйерлер мен бапкерлердің басым бөлігі ұлттық құраманың ойындары оңтүстік астанамызда өту керек деген еді. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) футболдан Қазақстан құрамасы не үшін Алматының Орталық стадионында ойнай алмайтынын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұған дейін көптеген жанкүйерлер мен бапкерлердің басым бөлігі ұлттық құраманың ойындары оңтүстік астанамызда өту керек деген еді. 

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құрамалар департаментінің директоры Владимир Нидергаустың ақпараты бойынша, 2016 жылғы Еуропа біріншілігінің іріктеу кезеңіндегі Қазақстан құрамасының кездесулерін Алматыда өткізу мүмкін емес екен. "Біз мамандар мен сарапшылардың пікірлерін қарап шықтық. Ол кісілердің ұлттық құрама ойындарын Алматыда өткізсін деген пікірлері бізді таң қалдырды. Бұл сұраққа жауап беру қиын емес. "Астана-Арена" - УЕФА-ның барлық талаптарына сай келетін өте әдемі әрі заманауи стадион. Бұл жерде мәселе Алматының Орталық стадионында болып тұр. Алматыдағы Орталық стадион УЕФА-ның шарттарына сай емес және онда Еуро-2016 турнирінің матчтарын өткізуге болмайды", - дейді Нидергаус. 

Сондай-ақ ол жаңа стандарттар бойынша мұндай деңгейдегі ойындар төртінші категориялы стадиондарда өту керектігін айтты. Ал Алматының стадионы қазірше үшінші деңгейге ие. "Бүгінгі таңда елімізде 2016 жылғы Еуропа біріншілігінің іріктеу ойындарын қабылдай алатын жалғыз ғана стадион бар, ол - "Астана-Арена", сондықтан да біз ұлттық құраманың ойындарын Астанада өткізіп жатырмыз. Алдағы уақытта Алматы, Ақтөбе, Қарағанды және басқа қалалардағы стадиондар кем-кетігін жөндейді деп үміттенеміз. Сол кезде біз ұлттық құраманың ойынын басқа қалаларда да өткізетін боламыз", - ддейді Владимир Нидергаус.  Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Еске салайық, бұған дейін мамандар мен бапкерлер футболдан Қазақстан құрамасы өз алаңындағы ойындарды Алматыда өткізуі керек деген пікір айтқан болатын. Мысалы, "Қайрат" және "Мегаспорт" клубтарының бұрынғы бас бапкері Владимир Гулямхайдаров Астанадағы "жасанды алаңда" ойнау тым қиын және ол стадиондағы ойындар арқылы Қазақстан құрамасы деңгейін көтере алмайды деген еді.  

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети