Футболдан Қазақстан құрамасы Халықаралық футбол федерациясының рейтингінде өз рекордын жаңартты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Рейтингтің жаңарған нұсқасы 15 қыркүйекте ұйымның ресми сайтында жарияланған.

Мұндай нәтижеге әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Польша құрамасымен кездесіп тең аяқталған жәйт себеп болған. Еске салайық, 4 қыркүйекте Талғат Байсуфиновтың шәкірттері Астанада поляктар қақпасына екі гол соғып, екі голды өз қақпаларына жіберіп алған. Бұл кездесу ресми түрде рейтингтің жаңаруына әсер еткен кездесу болған.
Бұл көрсеткіш Қазақстан құрамасына 13 орынға жоғарылауға септігін тигізген. Ендігі кезекте Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде 83-орында, Қазақстан бірінші рет мұндай көрсеткішке жетіп отыр. Осылайша ұлттық құрама өз рекордын жаңартты.
Еске салайық, шілде айында Қазақстан ТОП-100 рейтингіне қайта енген. 2001 жылдан бері бұл жағдай бірінші рет, шілдеде олар 97-орында тұрған. Осыған дейін 2001 жылы 98-орынға тұрақтап, рекорд өзгермей тұрған.