20 ақпан 2021 18:23

Футболдан Қазақстан құрамасы жаңа жүйені іске қосты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kff.kz © kff.kz

Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынында футболдан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы жаңа жүйені іске қосты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап. 


Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынында футболдан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы жаңа жүйені іске қосты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап. 

Қазақстандық клубтарда өнер көрсететін футболшылардың дәл қазіргі мезеттегі физикалық жағдайы тексеріліп, олардың көрсеткіштері арнайы базаға енгізілді. Алдағы уақытта құрама командаға алынатын ойыншылардың нәтижелері осы қордан алынып, олардың әр уақытта қандай прогресс жасағаны белгілі болмақ. Сонымен қатар, 6 ай бұрын алынған нәтижесінен төмен көрсеткіш тіркеген футболшы керісінше физикалық тұрғыдан нашарлап кеткенін де анық аңғаруға болады, дейді бас бапкер. Талғат Маруаұлы Байсуфинов қарағандылық "Шахтер" командасының ойыншыларын тексерістен өткізіп, өз пікірін білдірді.

"Біз белгілі бапкер Павел Черепановпен бірлесе отырып бүкіл футболшының дәл қазіргі физикалық жағдайын өлшеп, серверге тіркеп қоюды жөн санап отырмыз. Мұндай жүйе қазақ футболында бұрын болған. Бірақ, біздің қазір істеп жатқан жүйеміз сәл кеңейтілген, толықтырылған нұсқа болады.

Мысалы, қазір "Шахтер" футбол клубының ойыншыларын түгелімен тексеріп алдық. Олардың ішінде жас аяқдопшылар да бар. Бәлкім олар премьер-лига ойындарында өздерін көрсетіп, таланттарын танытатын болса, осында жинап алған сандарға байланысты біз қорытынды шығарамыз. Келесі бір оқу-жаттығу жиынына шақырған кезде осындай тестті тағы бір мәрте қайталап аламыз", - деді Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети