Футболдан Қазақстан құрамасы биыл қарашада Аргентина футболшыларымен жолдастық кездесу өткізуі мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Қазақстан футбол федерациясының спорттық директоры Игорь Утробинге сілтеме жасап.

"Біз аргентиналықтармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Әрине, бұл қиын әрі еңбекті талап ететін процес, 14 қарашаға дейін де аз уақыт қалды. Қазіргі уақытта қаржы мәселесін шешу қажет. Жалпы соманың 40 пайызын Қазақстан футбол федерациясы өз мойнына алады, ал қалған 60 пайызды толтыру үшін потенциалды демеушілерді тарту көзделіп отыр.
Лионель Месси, Серхио Агуэро, Анхель Ди Мария, Хавьер Маскерано және тағы басқа футбол жұлдыздары бастаған әлемдегі ең мықты командалардың бірі қазақстандық футбол тарихы үшін айтулы шара болары сөзсіз. Аргентиналықтар негізгі құрамды алып келуге дайын, тек қаржы мәселесінің шешілуін күтіп отыр", - деді Утробин.
Еске салайық, 11 қарашада Аргентина құрамасы Мәскеуде Ресей құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. Хорхе Сампаолидің шәкірттері Ресейде 2018 жылы 14 маусым 15 шілде аралығында өтетін әлем чемпионатына жолдаманы жеңіп алған еді.