Футболдан Қазақстан құрамасы Литвадан жеңіліп, топта соңғы орын алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футболдан Қазақстан құрамасы Литвадан жеңіліп, топта соңғы орын алды ©ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында Литвадан жеңілді. Алматының Орталық стадионында өткен ойын 1:2 есебімен аяқталды, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында Литвадан жеңілді. Алматының Орталық стадионында өткен ойын 1:2 есебімен аяқталды, - деп хабарлайды Vesti.kz

Бұл ойында есепті біздің құраманың ойыншылары ашқан болатын. 38-минутта Абат Айымбетов нәтижелі соққымен көзген түсті. Бірақ Қазақстан құрамасы басымдықты көп ұстап тұра алмады. Арада екі минут өткен соң қонақтар Стас Покатиловтың қақпасына гол соғып, есепті теңестірді. Көзге түскен - Модестас Воробьёвас. Ал екінші таймның аяқталар тұсында Литва құрамасы жеңіс голын соқты. Бұл жолы Арвидас Новиковас көзге түсті. 

Екінші таймда Қазақстан құрамасы бір ойыншыға кем ойнады. Матчтың 50-минутында Исламбек Қуат екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Vesti.kz - Живи спортом ?? (@vestikzsport)

Бұл жеңілістен кейін Қазақстан құрамасы С лигасының 4-тобында соңғы орында қалды. Енді төменгі дивизионға түсіп кетпеу үшін біздің құрама тағы бір кездесу өткізеді. Биыл Ұлттар лигасында Михал Билек жаттықтыратын құрамамыз төрт ұпайға қол жеткізе алды. 

Айта кетейік, бұл бас бапкер Михал Билек үшін ұлттық құрамадағы соңғы ойыны болуы мүмкін. Себебі кейбір БАҚ өкілдері чех маманын жуырда қызметінен кететінін жазып жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети