ПОДЕЛИТЬСЯ
04 қыркүйек 2021 | 20:52
Футболдан Қазақстан құрамасы сырт алаңда Финляндиядан жеңілді
Футболдан Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Финляндиядан жеңілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Футболдан Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Финляндиядан жеңілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Хельсинки қаласында өткен ойын 1:0 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов құрамды толыққанды өзгертті деуге болады - Украинаға қарсы матчтың негізгі құрамында болғандардан тек Александр Марочкин ғана Хельсинкиде бірінші минуттан алаңға шықты.
Үзіліске дейін есеп ашылған жоқ. Бірақ алаң иелерінің бір-екі қауіпті соққысын қақпашы Игорь Шацкий қайтара алды.
Кездесудің 60-минутында Йоэль Похьянпало гол соғып, командасын алға шығарды. Бұл матчтегі жалғыз гол болып тіркелді.
ӘЧ-2022 іріктеу кезеңінің D тобында Қазақстан құрамасы төрт ойыннан кейін екі ұпай еншілеп, соңғы орында тұр. Ал Финляндия 5 ұпаймен екінші орынға көтерілді.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы өз алаңында Украинамен тең түскен болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также