01 қыркүйек 2021 21:55

Қазақстан құрамасы соңғы минуттарда гол соғып, Украинамен тең түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов© Фото: Тұрар Қазанғапов©

Футболдан Қазақстан құрамасы өз алаңында Украинамен тең түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Футболдан Қазақстан құрамасы өз алаңында Украинамен тең түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы ойын Нұр-Сұлтанда өтті. Матч 2:2 есебімен аяқталды. 

Кездесу жылдам голмен басталды. 2-минутта украиналық Роман Яремчук допты кеудесімен тоқтатып алып, алыстан дәл соққы жасады - Стас Покатилов шарасыз қалды. Бірінші таймда қонақтардың бірнеше соққысы қақпа бағанасына тиді. 

Ал екінші таймда қазақстандықтар белсендірек ойнады. 68-минутта Абат Айымбетовтің голы есепке алынбады - форвард офсайдта қалған. Дегенмен араға алты минут салып, Руслан Валиуллин таразы басын теңестірді. Кездесу соңына қарай Айымбетов қақпашымен бетпе-бет шыққан, бірақ тәжірибелі голкиперден айласын асыра алмады.

Ал матчтің соңғы минуттарында Украина қазақстандықтардың айып алаңындағы қарбаластан кейін гол соғып, тағы да алға шықты. Бірақ ойын мұнымен бітпеді - қосымша уақытта Руслан Валиуллин тағы бір гол салып, есепті теңестіре алды. Қорытынды есеп - 2:2. 

Айта кетейік, ӘЧ-2022 іріктеу кезеңінде Қазақстанда үш ойыннан кейін екі ұпай бар. Ал Украина құрамасы төрт матчтен кейін төрт ұпай еншіледі.   

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети