Футболдан Қазақстан құрамасы Киевте 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Украинамен тең түсіп, сенсация жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Футболдан Қазақстан құрамасы Киевте 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Украинамен тең түсіп, сенсация жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Матч 1:1 есебімен аяқталды. Кездесудің 20-минутында Роман Яремчук алаң иелерін алға шығарды. Үзіліске дейін Украина құрамасы бірнеше қауіпті шабуыл жасады, бірақ оны голға айналдыра алмады. Бірінші таймда Қазақстан құрамасы тек алыстан соққылар жасағаны болмаса, Анатолий Трубин қақпасына қауіп төндіре алмады.
Ал екінші таймда Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов бірқатар өзгеріс енгізді. Нәтижесінде қазақстандықтар белсенді ойнай бастады. Ол жемісін көп ұзамай берді, 59-минутта Серікжан Мужиков айып алаңына енер тұста алыс бұрышты дәл көздеді.
Қалған жарты сағатта Украина футболшылары шабуылды шабуылға ұластырды. Матч бойы алаң иелері Қазақстан қақпасына 29 соққы жасаған, бірақ есепте алға шыға алмады. Қорытынды есеп - 1:1.
Осы ойыннан кейін Қазақстан құрамасы іріктеудегі алғашқы ұпайын еншіледі. Бірінші матчта өз алаңында Франциядан жеңілген еді. Ал Украина құрамасы үш ойыннан кейін 3 ұпаймен екінші орында келеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!