24 наурыз 2018 | 09:52

Футболдан Қазақстан құрамасы Венгрияны жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Футболдан Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Венгрияны жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Футболдан Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Венгрияны жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Будапештте өткен кездесуде Станимир Стойловтың шәкірттері 3:2 есебімен жеңіске жетті. Есепті алтыншы минутта "Астана" форварды Роман Мұртазаев ашты, ал оныншы минутта ұлттық құраманың дебютанты Бахтиер Зайнутдинов көзге түсті, айтпақшы, ол - "Астана" футболшысы. 

Алайда 21-ші минутта айып добын жылдам орындағаннан кейін Адам Салаи есеп айырмасын қысқартты. Бірақ39-шы минутта Қазақстан құрамасының сапында "Уфа" шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет тұңғыш голын соқты. 18 жастағы футболшы ұлттық құрама сапында алғаш рет ойынға шықты. 

Екінші таймда тағы бір дебютант Юрий Перцух Сейдахметтің орнына шықты. 68-ші минутта алаң иелері Кристиан Нементтің голының арқасында есепті тағы да қысқартты. 

Айта кетейік, Стойлов Қазақстан құрамасы бас бапкері қызметінде алғашқы ойынын өткізіп отыр. Блогар маманы Қазақстан құрамасын 1 наурыздан бастап басқарады. 


© REUTERS/Bernadett Szabo

Еске салайық, 26 наурызда Қазақстан құрамасы тағы бір кездесу өткізеді. Венгрдің Фульчуга қаласынла Болгария құрамасымен кездесу өтеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети