Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов қазанда өтетін ойындарға шақырту алған ойыншылардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов қазанда өтетін ойындарға шақырту алған ойыншылардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қақпашылар: Стас Покатилов ("Қайрат"), Игорь Шацкий ("Шахтер"), Мұхамеджан Сейсен ("Тараз").
Қорғаушылар: Александр Марочкин, Сергей Малый (екеуі де - "Тобыл"), Юрий Логвиненко, Темірлан Ерланов (екеуі де - "Ақтөбе"), Нұралы Әліп, Ян Вороговский (екеуі де - "Қайрат"), Әлібек Қасым ("Қызыл-Жар"), Сағадат Тұрсынбай ("Ордабасы"), Абзал Бейсебеков ("Астана"), Марат Быстров ("Ахмат", Ресей), Еркін Тапалов ("Ақжайық"), Мақсат Тәйкенов ("Каспий").
Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат ("Астана"), Георгий Жуков ("Висла", Польша), Владислав Васильев ("Андижан", Өзбекстан), Самат Жарынбетов, Азат Нұрғалиев (екеуі де - "Тобыл"), Рамазан Оразов ("Ақтөбе"), Бақтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Сұлтанбек Астанов ("Ордабасы").
Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев ("Шахтер"), Айбар Жақсылықов ("Жетісу"), Артур Шушеначев ("Қайрат").
Қосалқы тізім: Бекхан Шайзада ("Ордабасы"), Бағдат Қайыров ("Тобыл"), Олжас Керімжанов ("Тұран"), Нұрлан Дайыров ("Қызыл-Жар"), Дмитрий Шомко ("Ақтөбе"), Михаил Габышев ("Шахтер"), Бауыржан Байтана ("Тараз"), Айдос Тәттібаев ("Шахтер"), Роман Мұртазаев ("Балтика", Ресей), Абат Айымбетов ("Астана").
Футболшылар 4 қазанда елордаға жиналып, оқу-жаттығу жиындарын бастайды.
Айта кетейік, Талғат Байсуфинов шәкірттері қазанда екі ойын өткізеді. 9 қазанда Босния және Герцеговинамен, 12 қазанда Финляндиямен күш сынасады. Екі матч те "Астана Арена" стадионында өтеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!