Футболдан Қазақстан құрамасы Черногориядан 0:5 есебімен жеңілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футболдан Қазақстан құрамасы Черногориядан 0:5 есебімен жеңілді © ҚФФ сайты

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Черногория құрамасынан 5:0 есебімен жеңілді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Черногория құрамасынан 5:0 есебімен жеңілді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Подгорицада өткен ойында Талғат Байсуфинов шәкірттері алаң иелеріне қарсылық таныта алмады. Бірінші таймда Жарко Томашевич командасын алға шығарды. Ал екінші таймда Никола Вукчевич, Стеван Йоветич, Фатос Бечирай мен Стефан Савич гол авторлары атанды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы топтағы бірінші ойында Польша құрамасымен тең ойнаған еді. Келесі ойынын 11 қазан күні Астанада Румыния құрамасына қарсы өткізеді.

Черногория - Қазақстан 5:0 (1:0)

Голдар: Томашевич 24 (1:0), Вукчевич 59 (2:0), Йоветич 64 (3:0), Бечирай 73 (4:0), Савич 78 (5:0)

Ескертулер: Бечирай 32 - Исламхан 32, Кислицын 37, Мухутдинов 89

Черногория: Божович, Вукчевич (Николич 68), Томашевич, Вешович, Йоветич, Бечирай (Райчевич 76), Савич, Кояшевич, Шчекич (Бакич 83), Симич, Марушич

Қазақстан: Покатилов, Малый, Кислицын, Қуат (Тағыберген 76), Мухутдинов, Исламхан (Мұжықов 63), Нұрғалиев, Шомко, Хижниченко (Муртазаев 85), Логвиненко, Бейсебеков

Бас төреші: Роберт Шергенхофер (Австрия)

8 қазан. Подгорица. "Градски".

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети