31 наурыз 2021 17:15

Футболдан Украина - Қазақстан матчын қайдан көруге болады?

Фото: ҚФФ

Бүгін Киевтегі "Олимпийский" стадионында футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Украина мен Қазақстан құрамалары кездеседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Киевтегі "Олимпийский" стадионында футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Украина мен Қазақстан құрамалары кездеседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция елорда уақытымен 00:35-те басталады. 

Украина құрамасы бұған дейін ӘЧ-2022 іріктеу кезеңі аясында екі ойын өткізіп, екеуінде де 1:1 есебімен тең түсті. Алдымен қонақта Франциямен ұпай бөліссе, төрт күннен кейін өз алаңында Финляндиямен тең тарқасты. Ал Қазақстан құрамасы 28 наурызда "Астана-Аренада" француздарға 0:2 есебімен есе жіберген.

Реклама
Реклама

Украина мен Қазақстан құрамалары ресми 4 рет кездесіп, бәрінде де Украина жеңіске жеткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram