12 ақпан 2016 09:26

Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуро-2016 жартылай финалында Испаниядан жеңілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

УЕФА ресми сайтынан УЕФА ресми сайтынан

Футзалдан Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы жартылай финалда Испаниямен кездесіп, 3:5 есебімен жеңілді, - деп хабарлайды Massaget.kz.


Футзалдан Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы жартылай финалда Испаниямен кездесіп, 3:5 есебімен жеңілді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Ойынның бірінші кезеңінде Какау бастаған футболшылар белсенді қимылдап, Александр Довгань есеп ашуға мүмкіндік алды. Алайда араға 4 минут салып испан футболшылары есепті теңестіріп үлгерді. Ал 17-ші минутта Қазақстан қақпасына бағытталған Мигелинаның соққысы Шомроға ешқандай мүмкіндік бермеді. Кейін испандықтардың тарапынан болған тайм-ауттан соң Рауль Кампос есеп айырмасын бірге ұлғайтып, өз командасына екінші кезеңге 1-3 айырмасымен шығуға мүмкіндік сыйлады.

Екінші кезеңде қос құрама да ойынды аса байыппен бастады. Командалар біраз уақытқа дейін бір-бірлерінің осал тұстарын таба алмай доп алмасты. Бірақ бұл ретте испаниялық футболшы қазақстандық футболшының аяғындағы добын тартып алып, Қазақстанның бос тұрған қақпасына допты дәл бағыттап, есепті 1-4 жеткізді. Матчтың аяқталуына 4 минут қалғанда Лео есеп айырмасын бірге қысқартты. Бұл соққыға әбден абдырап қалған Испания құрамасы 1 минуттан кейін тағы бір гол жіберіп алды. Голды Серік Жаманқұлов салды. Дегенмен, өкінішке орай,  Рауль Кампос испандарға ақырғы голды салып, жеңіс сыйлады.

Енді Қазақстан құрамасы үшінші орын үшін таласта жарыс иелері Сербия құрамасымен жолығады.


УЕФА ресми сайтынан алынды

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети