Футзалдан Қазақстан құрамасы ФИФА-дан арнайы жүлде алды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футзалдан Қазақстан құрамасы ФИФА-дан арнайы жүлде алды © instagram.com/kazfutsal

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Литвада өткен әлем чемпионатында өнер көрсеткен футзалдан Қазақстан құрамасына арнайы марапат табыстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Литвада өткен әлем чемпионатында өнер көрсеткен футзалдан Қазақстан құрамасына арнайы марапат табыстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстан құрамасы әділ ойын (fair play) көрсеткені үшін ФИФА жүлдесіне ие болды. 

Сонымен қатар, ФИФА әлем чемпионатының үздік ойыншыларына жеке марапаттар берді. Турнир қорытындысы бойынша, Португалия құрамасының көшбасшысы Рикардиньо "Алтын доп" алды. "Күміс доп" оның командадағы серіктесі Пани Варелаға, ал "Қола доп" Қазақстан құрамасындағы Дугласқа бұйырды.

Қазақстан құрамасының үздік бомбардирі де жүлдеге ие болды, Тайнан "Қола бутса" алды. Әлем чемпионатында ол алты гол соқты. "Күміс бутса" бразилиялық Пани Варелаға бұйырды, оның қанжығасында сегіз гол бар. Ал турнирдің үздік сұрмергені және "Алтын бутса" иегері тоғыз гол соққан бразилиялық Феррао атанды.

Еске салайық, футзалдан Қазақстан құрамасы Литвада өтіп жатқан әлем чемпионатында үшінші орынға талас матчте Бразилияға 4:2 есебімен есе жіберді. Осыған қарамастан, төртінші орын да команда тарихындағы ең жақсы нәтиже. Ал чемпионатта португалиялықтар жеңді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети