Футзалдан Қазақстан құрамасының қақпашысы қазақстандықтарға үндеу жасады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футзалдан Қазақстан құрамасының қақпашысы қазақстандықтарға үндеу жасады ©twitter.com/leohiguita

Футзалдан Қазақстан құрамасының қақпашысы мен капитаны Игита Португалиядан жеңілгеннен кейін жанкүйерлеріне үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футзалдан Қазақстан құрамасының қақпашысы мен капитаны Игита Португалиядан жеңілгеннен кейін жанкүйерлеріне үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

Игита бір деңгейдегі командалар кездескенін және екеуінде де жақсы сәттері болғанын айтты.

"Соңына дейін күрестік. Пенальти - бұл лотерея тәрізді, одан ұта алмадық. Әрине, мен алаңда бар күшін салып тырысқан, жеңу үшін бәрін жасаған құраммен мақтанамын, бірақ сәтсіз болды. Бірақ алда әлі үшінші орын үшін матч бар. Мен барлық қазақстандықтан бізге қолдау көрсетуін және бізге жеңіске күш-жігер беруін сұраймын. Біз алаңда сіздердің қолдауыңызды сеземіз!" - деді Игита матчтен кейін эфирде.

Футзалдан әлем чемпионатының финалында Португалия Аргентинамен ойнаса, Қазақстан үшінші орын үшін Бразилиямен кездеседі.

Айта кетейік, футзалдан Қазақстан құрамасы Литвадағы әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілген болатын. Финалға берілер жолдаманы қазақстандықтар Еуропа чемпионы Португалиямен сарапқа салған. Матч 2:2 есебімен аяқталып, пенальти сериясында португалиялықтар жеңіске жетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети