Ғалымдар Криштиану Роналду үздік екенін математикалық жолмен түсіндірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғалымдар Криштиану Роналду үздік екенін математикалық жолмен түсіндірді @REUTERS

Оксфорд математигі Том Кроуфорд тарихтағы ең үздік футболшыны есептеу формуласын жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оксфорд математигі Том Кроуфорд тарихтағы ең үздік футболшыны есептеу формуласын жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

Daily Mail мәліметінше, ғалым ұлттық және халықаралық жүлделерді, клубтар мен құрамалар есебіне соғылған голдарды, әлемдегі ең жақсы ойыншы номинациясында дауыс бергендердің жалпы санының пайызын, сондай-ақ жеке жазбаларды ескере отырып, кем дегенде екі рет "Алтын доп" жүлдесін жеңіп алған ойыншыларды қарап шыққан.

Кроуфорд зерттеулері бойынша үздік футболшы - "Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналду. Ол 537 ұпай жинаған.

Математик рейтингінде 503 ұпай жинаған ПСЖ шабуылшысы Лионель Месси екінші орынды иеленген. Пеле 459 ұпаймен үшінші орында.

Роналду - "Алтын доптың" бес дүркін және Чемпиондар лигасының бес дүркін жеңімпазы. Сондай-ақ, португалдық ұлттық құрама сапында әлемдік рекордты жаңартқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети