Интернетте "Зенит" пен ЦСКА футбол клубтарының жанкүйерлері кездесу алдында ұйымдастырған төбелес бейнеленген видео пайда болды. Матч Химки қаласында өтті. Төбелес Тверь облысында Чуприяновка деген станцияға жанкүйер толған электричка келіп тоқтағанда басталды, - деп хабарлайды "Россия 24".

Қақтығысқа 150 адам қатысқан. Төбелесті электропойызды шығарып салып келе жатқан жол полициясы қызметкерлері тоқтатты. Он адам ұсталды. "Зенит" жанкүйерлері дәрігердің көмегіне жүгінді: бірінің башпайы сынса, екіншісінің кеуде қуысы зақымданған.
Кейбір мәліметтер бойынша, төбелеске қатысқан бір адамды қалғандары "көлік багажына салып, белгісіз жаққа қарай әкеткен".
Айта кетейік, "Зенит" пен ЦСКА жанкүйерлері арасындағы араздастық бұрыннан бар және жиі төбелеске айналып жүр. Сонымен бірге, бұл командалар арасындағы қарашада өткен матчта "Зенит" командасы 1:0 есебімен жеңіске жетті.