Ұлыбританиялық "Престон Норд Энд" футбол клубының қорғаушысы Кевин О'Коннор ұлттық лотореядан бір миллион еуро ұтып алды. Бұл туралы лоторея ойынын өткізуші ұйым Twitter желісіндегі парақшасында жариялады.

Футболшы бұл билетті Рождество мейрамы кезінде сыйға алған. Футболшының ағасы осындай сыйлық сыйлаған.
22 жастағы О'Коннор сол қапталдағы қорғаушы позициясында өнер көрсетеді. 2017/2018 маусымында ол барлық турнирде 13 ойын өткізді. Ол Ирландия жастар құрамасы үшін бес гол салған.
Қарашада ұлыбританиялық қыз 574 мың фунт ұтқан еді. Ол командалардың атауы әдемі естілетін 12 клубтың жеңісіне бір фунт тіккен. Букмекерлердің ойынша оның 11 командасы аутсайдер есебінде болған.