30 желтоқсан 2019 12:32

Исламбек Қуат "Қайраттан" неге кеткенін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат алматылық "Қайраттан" неге кеткенін түсіндірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі клубтың ресми сайтына сілтеме жасап. 


Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат алматылық "Қайраттан" неге кеткенін түсіндірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі клубтың ресми сайтына сілтеме жасап. 

26 жастағы хавбек "Қайрат" сапынан еркін агент ретінде кетті.

"Жанкүйерлерге қолдауы үшін алғыс білдіргім келеді. Қазақстандық әрбір футболшы "Қайратта" ойнауды армандайды. Мұнда бес жылымды өткіздім. Ол уақытта есте қаларлық көп жеңіс болды. Онда менің де үлесім бары қуантады. Жаңа сын керек. Өзімді жаңа чемпионатта сынап көргім келеді. Өзімді тексеріп көріп дегендей. Қайрат Советайұлымен сөйлестік, ол менің шешімімді қолдады. Оның қолдауы маңызды", - дейді Исламбек Қуат.

Ол алматылық клубта футболшы ретінде өскенін айтты. 

"Қайратқа алғысым шексіз, дәл осы клубта футболшы ретінде өстім, Қазақстан құрамасының негізгі ойыншысына айналдым. Алматы мен үшін туған қаламдай. Клубтың барлық мүшесіне рақметімді айтамын. Аграном, күзетші, Академияның барлық қызметкері, баспасөз қызметі, аспаз, жүргізуші, еден жуатындар мен әкімшілікке. Бәріне ризамын! "Қайрат" әрдайым жүрегімде", - деп түйіндеді ол. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети