Исламхан "Зенитпен" келісімшарт жасасуға жақын

ПОДЕЛИТЬСЯ

Исламхан "Зенитпен" келісімшарт жасасуға жақын Бауыржан Исламхан. Фото: Вячеслав Евдокимов / "Зенит" ФК

Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан санкт-петербургтік "Зенитпен" келісімшарт жасасуға жақын. Бұл туралы Sportbox.ru хабарлады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан санкт-петербургтік "Зенитпен" келісімшарт жасасуға жақын. Бұл туралы Sportbox.ru хабарлады. 

26 жастағы қазақстандық футболшы ресейлік клубтың Катардағы оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр. "Зенит" Исламханның команда жаттығуына қосылғанын 17 қаңтарда хабарлаған еді. Хавбек жаттығуларға қатысып, өзара бөлініп ойнағанда гол да соққан болатын. 

Дереккөздің мәліметі бойынша, Исламханға Ресей Премьер-лигасының басқа да клубтары - мәскеулік "Локомотив" пен қазандық "Рубин" көз тіккен. 

Исламхан "Зенитке" еркін агент ретінде келді. Соңғы клубы "Қайрат" болған. Алматылық клубта ол алты маусым бойы ойнап, 211 матчта 64 гол мен 61 нәтижелі пастың авторы атанған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети