Футболдан Ресей құрамасының қақпашысы Андрей Лунев басынан жарақат алды, - деп хабарлайды Lenta.ru команданың Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.
Футболдан Ресей құрамасының қақпашысы Андрей Лунев басынан жарақат алды, - деп хабарлайды Lenta.ru команданың Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.
Дәрігерлердің көмегімен ол ауруханаға жеткізілді. Томограмма жасалғаннан кейін дәрігерлер спортшының бас-сүйек миы шайқалғанын анықтады. Ол ауруханада белгілі бір уақытта қаралатын болады.
Кейінірек Лунев өзін қолдағандарға алғыс беріп, тезірек алаңға шығуға уәде берді.
Лунев Ресей мен Испания арасындағы жолдастық кездесудің негізгі уақытқа қосылған қосымша уақытта жарақат алды. Шабуылшы Морено Родриго қақпашымен жалғыз қалып, тізесімен Луневтің басынан соққан. Осыдан кейін қақпашыны алаңнан электрокармен алып кетті, қақпаға Денис Глушаков тұрды.
Санкт-Петербургте өткен кездесу 3:3 есебімен аяқталды.
Андрей Лунёв: "Не волнуйтесь, со мной всё нормально! Спасибо за поддержку, постараюсь поскорее восстановиться и вернуться на футбольное поле!" pic.twitter.com/g64FfDQdfB
— Сборная России (@TeamRussia) 14 ноября 2017 г.