Италиялық танымал экс-футболшы ауруханаға түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Италиялық танымал экс-футболшы ауруханаға түсті © Reuters

Туриндік "Ювентустің" экс-шабуылшысы Алессандро Дель Пьеро Лос-Анджелесте ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Туриндік "Ювентустің" экс-шабуылшысы Алессандро Дель Пьеро Лос-Анджелесте ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұрынғы италиялық футболшы жанкүйерлерін ауруханада коронавирусқа байланысты жатпағанын сендірді, оның бүйрегінен тас табылған. 

"Үш миллиметр ғана болатын кішкентай заттан осынша нашарлағаныма әлі сене алар емеспін", - деп жазды Дель Пьеро Instagram-парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Ancora non ci credo come una cosa piccola solo 3mm possa fare così male ? #colicarenale #calcolorenale #adp10

Публикация от Alessandro Del Piero (@alessandrodelpiero)

Дель Пьеро "Ювентус" сапында 1993 жылдан 2012 жылға дейін ойнаған. Туриндік клубтың сапында форвард Италия чемпионы (1994/1995, 1996/1997, 1997/1998, 2001/2002, 2002/2003, 2011/2012 маусым), Италия кубогының (1994/1995 маусым) және ел Суперкубогының иегері (1995/1996, 1996/1997, 2001/2002, 2002/2003 маусым), сондай-ақ, Чемпиондар лигасының жеңімпазы (1995/1996 маусым) атанған.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети