"Ювентус" 19 жастағы футболшыны 75 миллион еуроға сатып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ювентус" 19 жастағы футболшыны 75 миллион еуроға сатып алды © twitter.com/brfootball

Туриндік "Ювентус" ресми сайтында голландиялық "Аякс" қорғаушысы Маттейс де Лигтті сатып алғанын жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Туриндік "Ювентус" ресми сайтында голландиялық "Аякс" қорғаушысы Маттейс де Лигтті сатып алғанын жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz

19 жастағы футболшы бес жылдық (2024 жыл 30 маусымға дейін) келісімшартқа отырды. БАҚ мәліметінше, голландиялық футболшы Италия біріншілігіндегі ең жоғарғы жалақы алатын (12 миллион еуро) қорғаушы болады. 

Туриндік клуб жас футболшыны сатып алу үшін 75 миллион еуроға шығындалады. Олар бұл қаражатты бес жыл бойы төлеп отырады. Бұл сома бонустар есебін қосақанда тағы 10,5 миллион еуроға ұлғаюы мүмкін. 

Осыған дейін, амстердамдық "Аякс" клубының қорғаушысы болған де Лигт каталониялық "Барселонаның" ұсынысын қабыл алмағаны айтылған еді. 

Де Лигт 2018/2019-маусымын голландиялық клубтың капитаны ретінде өткізді. Чемпиондар лигасында "Аякс" жартылай финалға дейін жетті. Де Лигт 17 ойынға қатысып, үш гол салды. 

Нидерланд құрамасының сапында ол 15 ойын өткізіп, бір гол салған. 2018 жылы желтоқсанда ол Еуропадағы жас футболшыға берілетін Golden Boy пермиясын жеңіп алды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети