09 шілде 2018 16:08

"Жақсыдан үйрен". Ақтөбе жанкүйерлері жапондардан үлгі алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/fcaktobe_tkb/ Фото: instagram.com/fcaktobe_tkb/

Ақтөбелік жанкүйерлер жапон жанкүйерлерден үлгі алып, футбол матчынан кейін стадиондағы қоқыстарды жинай бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Ақтөбелік жанкүйерлер жапон жанкүйерлерден үлгі алып, футбол матчынан кейін стадиондағы қоқыстарды жинай бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Суреттер ақтөбелік жанкүйерлердің Instagram әлеуеметтік желісінде жарияланды. 

"Көптеген жанкүйерлер "Біздің үйіміз Қобыланды" атты акциясын қолдап, матчтан кейін өздерінің және басқа жанкүйерлердің артынан тазалады" ,  - деп атап өтті футбол жанкүйерлері. "Жапон жанкүйерлерге көп рақмет. Олар болмаса, біздікілер ондайды жасамаушы еді. Жапондардан қалай қақырмайтынын, бір-біріне қалай дөрекі сөйлеймітінін сұрау керек еді", - деп қосты пікір жазғандардың бірі. 

Осыған дейін жапон жанкүйерлері Колумбиямен топтық кезең кубогында өткен футболдан әлем чемпионатында Саранскідегі бүкіл қоқысты жинаған. Жанкүйерлер 2014 жылы Бразилияда өткен әлем чемпионаты кезінде дәл осылай стадионды тазартып кеткен.

Жапония құрамасы футболдан әлем чемпионатынан шығып қалғаннан кейін де, киім бөлмелерін жинап ұйымдастырушыларға орыс тілінде алғысын білдіретін хат қалдырып кетті. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети