Сурет ffk.kz сайтынан
Кеше футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы түрік жерінде Литва құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп, 1:1 есебімен тең түсті, деп хабарлайды Tengrinews.kz. 2008 жылдан бері Қазақстан ұлттық құрамасы жаңа маусымды үздіксіз Түркия жеріндегі оқу-жаттығу жиынымен бастап келеді. Жай ғана жаттығу жиынын өткізбей, бір жолдастық кездесу өткізу де дағдыға айналған. Биыл біздің құрама Литва футболшыларымен кездесті. Ойынды бастан-аяқ көре алмадық. Бірақ нәтиже – алдағы күндерімізге үмітпен қарарлықтай. Литва құрамасының 2014 жылғы әлем чемпионатының електік додасы аясында УЕФА-ның «G» тобында төртінші орынға ие болып, тәп-тәуір ойын үлгісін көрсеткендігін еске алсақ, осы құрамамен тең түсуімз жаман нәтиже емес. Десек те, Қазақстан ұлттық құрамасының ойынын баға беруге әлі ертерек. Маусым басындағы бір ойын біздің құраманың деңгейі мен ойын өрнегін бағамдауға толық мүмкіндік бермейді. Оның үстіне, гол соғып, есепті теңестірген – Нұрбол Жұмасқалиев. Яғни ел футболының байырғы ардагері. Яғни ойын тағдырын сол бұрынғысынша тәжірибелі ойыншыларымыз шешіп жүр. Ал жастар қайда? Қашан ұлттық құраманың ойынына жаңа буын тың күш қосып, тамырына қан жүгіртеді?!.. Қазақстан – Литва – 1:1 Голдар: Вичюс, 4 (0:1). Жұмасқалиев, 69 (1:1). Ескерту: Нұрғалиев, 90. Қазақстан: Сидельников (Мокин), Шомко, Энгель (Остапенко), Коробкин, Логвиненко, Дмитренко, Шмидтгаль (Нөсербаев), Жолшиев, Байжанов (Нұрғалиев), Финонченко (Малый), Щеткин (Жұмасқалиев). Литва: Арлаускис, Вичюс, Киянскас, Боровскис, Ваиткунас, Жалюкас, Панка, Калонас, Спалвис, Черных, Новиковас. Анталья. "Mardan Stadyumu" стадионы.
Кеше футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы түрік жерінде Литва құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп, 1:1 есебімен тең түсті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
2008 жылдан бері Қазақстан ұлттық құрамасы жаңа маусымды үздіксіз Түркия жеріндегі оқу-жаттығу жиынымен бастап келеді. Жай ғана жаттығу жиынын өткізбей, бір жолдастық кездесу өткізу де дағдыға айналған. Биыл біздің құрама Литва футболшыларымен кездесті.
Ойынды бастан-аяқ көре алмадық. Бірақ нәтиже – алдағы күндерімізге үмітпен қарарлықтай. Литва құрамасының 2014 жылғы әлем чемпионатының електік додасы аясында УЕФА-ның «G» тобында төртінші орынға ие болып, тәп-тәуір ойын үлгісін көрсеткендігін еске алсақ, осы құрамамен тең түсуімз жаман нәтиже емес.
Десек те, Қазақстан ұлттық құрамасының ойынын баға беруге әлі ертерек. Маусым басындағы бір ойын біздің құраманың деңгейі мен ойын өрнегін бағамдауға толық мүмкіндік бермейді.
Оның үстіне, гол соғып, есепті теңестірген – Нұрбол Жұмасқалиев. Яғни ел футболының байырғы ардагері. Яғни ойын тағдырын сол бұрынғысынша тәжірибелі ойыншыларымыз шешіп жүр. Ал жастар қайда? Қашан ұлттық құраманың ойынына жаңа буын тың күш қосып, тамырына қан жүгіртеді?!..
Қазақстан – Литва – 1:1
Голдар: Вичюс, 4 (0:1). Жұмасқалиев, 69 (1:1).
Ескерту: Нұрғалиев, 90.
Қазақстан: Сидельников (Мокин), Шомко, Энгель (Остапенко), Коробкин, Логвиненко, Дмитренко, Шмидтгаль (Нөсербаев), Жолшиев, Байжанов (Нұрғалиев), Финонченко (Малый), Щеткин (Жұмасқалиев).
Литва: Арлаускис, Вичюс, Киянскас, Боровскис, Ваиткунас, Жалюкас, Панка, Калонас, Спалвис, Черных, Новиковас.
Анталья. "Mardan Stadyumu" стадионы.