"Кайрат" үш футболшымен келісімшартты үзді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Кайрат" үш футболшымен келісімшартты үзді ©fckairat.kz

Алматылық "Қайрат" футбол клубы үш футболшымен келісімшартты үзді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық "Қайрат" футбол клубы үш футболшымен келісімшартты үзді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Қайраттан" бірінші болып қақпашы Дмитрий Хомич кетті. Клубтың ресми сайтында келісімшарттың тараптардың келісімі бойынша үзілгені хабарланды. "Бұл тәжірибелі қақпашы маусым бойында біздің клуб қатарында премьер-лиганың 26 матчын өткізіп, 24 гол жіберді. Клуб Дмитрийге команданың жеткен жетістігі үшін қосқан зор үлесіне рақмет айтады және мансабында сәттілік тілейді", - делінген хабарламада. 

Одан кейін "Қайрат" клубынан Словакия құрамасының қорғаушысы Любомир Михалик кетті. Англияның "Лидс Юнайтед" және Портсмут клубтарында ойнаған 31 жастағы футболшы клубпен келісімшартты үзді. Клуб ойыншыларға команданың жеткен жетістігі үшін қосқан зор үлесіне рақмет айтады және мансабында сәттілік тілейді", - делінген хабарламада.  

Көп ұзамай алматылық футбол клубы өзінің ресми сайтында команданың жартылай қорғаушысы Артур Едигарянның кеткені жайлы хабарлады. Мұнда да келісімшарт тараптардың ортақ келісімімен үзілгені айтылған. Едигарян Қазақстан чемпионатының жоғарғы дивизионында 37 кездесу өткізіп, бір гол салған. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети