Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Какау Колумбиядағы әлем чемпионатынан кейін команданың баспасөз қызметіне берген сұхбатында енді бар назарын "Қайрат" командасына салатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Аргентинаға қарсы өткізген бірінші ойы ауыр болды. Кейін екінші ойында Коста-Рикамен жақсы ойнадық, Соломон аралдарымен өткізген ойынымыз үздік ойын болды. Кейін плей-офф кезеңінде Испанияға қарсы шықтық. Қарсыласымыз - әлемнің ең үздік командасы. Шабуылда мүмкіндік көп еді, бірақ футзалда гол соқпасаң, проблема сол кезде басталады. Біздікілер 5:2 есебімен жеңіліп қалды. Әрине, нәтиже дұрыс емес. Меніңше, футзал тарихында Испанияға қарсы жақсы ойын ойнаған біздің команда ғана. Көбісі Испаниямен тең ойнағанымызды айтып жатты", - деді ол.
Мен құрамадағы жұмысымды аяқтаймын. "Қайратпен" ғана айналысқым келеді, шаршадым. Төрт жыл өте көп уақыт", - деп мәлімдеді Какау.