30 қаңтар 2017 14:32

Каньяс ресми түрде АПОЭЛ сапына ауысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© apoelfc.com.cy © apoelfc.com.cy

Елордалық "Астана" клубының жартылай қорғаушысы Рохер Каньяс ресми түрде АПОЭЛ сапына ауысты, - деп хабарлайды Vesti.kz кипрлік клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.


Елордалық "Астана" клубының жартылай қорғаушысы Рохер Каньяс ресми түрде АПОЭЛ сапына ауысты, - деп хабарлайды Vesti.kz кипрлік клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

26 жастағы футболшы бүгін АПОЭЛ сапында медициналық бақылаудан өтіп, келісімшарт жасапты. Футболшы мен клуб 2017 жылдың соңына дейін шартнамаға қол қойған.

Жаңа клубының қатарында колумбиялық жартылай қорғаушы 80-ші нөмірмен өнер көрсететін болады.

Айта кетейік, Рохер Каньяс "Астана" сапында 2014 жылдан бері ойнап келеді. Елордалық ұжыммен ол үш рет Қазақстан чемпионы атағып жеңіп алды. Одан бөлек, Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасында өнер көрсетті.

"Астана" клубына ауысарға дейін ол екі жыл қарағандылық "Шахтердің намысын қорғады. Қарағандылық командамен ол 2012 жыл ел чемпионы атанды. Жалпы 26 жастағы жартылай қорғаушы Қазақстан Премьер-лигасында 143 кездесу өткізіп, 19 гол және 14 нәтижелі пас берген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети