"Карьерамды аяқтағаннан кейін де осында тұрғым келеді". Игита Еуро қарсаңында сұхбат берді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon 636 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кары видео кары

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Нидерландыда басталатын Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінде өнер көрсетуге дайындалып жатыр. Турнир қарсаңында команда капитаны Лео Игита Vesti.kz сайтына сұхбат берді. Ол құрама мүмкіндіктерін бағалап, төртінші орын алған әлем чемпионатына қарағанда бұл турнирде өнер көрсету неге қиын болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Нидерландыда басталатын Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінде өнер көрсетуге дайындалып жатыр. Турнир қарсаңында команда капитаны Лео Игита Vesti.kz сайтына сұхбат берді. Ол құрама мүмкіндіктерін бағалап, төртінші орын алған әлем чемпионатына қарағанда бұл турнирде өнер көрсету неге қиын болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сұхбатта әлемнің бес дүркін үздік қақпашысы Игита әртүрлі командадан ұсыныс түскенін мойындады.

"Әлемдегі ең үздік қақпашыға ұсыныс түспесе, біртүрлі болар еді. Қазақстан - менің өмірім, қазір - менің елім. Отбасым үйреніп қалды, қызым осында оқиды. Сондықтан мен мүлде "жоқ" деп айта алмайтын ұсыныс керек. Әзірге ондай ұсыныс болған жоқ. Қаржы жағы да маңызды. Мені шақырған командалардың бәрі бірінші орын үшін күресіп жатыр, "Қайрат" та солардың қатарында. Қазақстандағы өмірім тұрақты, ұжымда жақсы қарым-қатынас бар, команда көшбасшысы, капитанымын", - деп бөлісті спортшы.

Белгілі қақпашы өзі үшін ресейлік командалар арасында күрес басталғанын айтты.

"Қай команда екенін айту керек пе? Жарайды, Ресейде мені барлық команда шақырды десе болады. Өйткені Ресейде жергілікті спортшы сияқты ойнар едім. Бірақ Еуропаны айтпай-ақ қояйын, қызғанышпен қарайтын адамдар көп, интернетте жаман жазбалар жазады, бұл жағымсыз. Сондықтан, иә, маған көп ұсыныс түсті, бірақ мені бұл жерден кетуге итермелеген ұсыныс жоқ. "Қайрат", Қазақстан. Мен карьерамды аяқтағаннан кейін осында тұрғым келеді", - деп мойындады Игита.

Еске салайық, 2021 жылдың күзінде футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, тарихта алғаш рет 4-орынға ие болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы
12°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю