БАҚ-та карьерасының едәуір бөлігін Қазақстанда өткізген ресейлік-нигериялық футболшы Лайонел Адамстың қаза тапқаны туралы хабар тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
31 жастағы бұрынғы футболшы Ресейдің Мәскеу облысындағы Звенигород қаласында тұрғын үйлердің бірінің ауласынан өлі табылған. Алғашында БАҚ-та Лайонелдің "көпқабатты үйдің терезесінен құлап, дәрігерлер келгенге дейін көз жұмғаны" айтылған.
Кейінірек футболшының анасы бұл оқиғаны жазатайым жағдай емес, қасақана жасалған адам өлтіру деп есептейтінін мәлімдеді.
"Лайонелдің қызы болмаған, соңғы рет олар Жаңа жылға дейін сөйлескен. Оқиға қарсаңында Адамс анасына қоңырау шалуға тырысқан, бірақ ол жауап бермеген. Босаған кезде тым кеш болды, анасының қоңырауына ұлы жауап бермеген", - деп келтіреді Mash анасының сөзін.
Оқиғаға қатысты ресми нұсқа әзірге жарияланған жоқ.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, Лайонел Адамс Мәскеудің ЦСКА клубының түлегі. Ол "Жетісу", "Каспий", "Тұран" және Қарағандының "Шахтёр" клубтарында ойнаған. Футболшының соңғы клубы - Қырғызстанның "Алга" командасы, онымен жасалған келісімшарт 1 қаңтарда аяқталған.
Сонымен қатар, жаңа жылға бірнеше күн қалғанда футболшы түсініксіз жағдайға тап болған, Мәскеу облысындағы мекемелердің бірінде оған шабуыл жасалып, тіпті жамбасына оқ атылған. Алайда Лайонел полицияға арыз жазудан бас тартқан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!