"Қайрат" 1,2 миллион еуроға футболшы сатып алуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қайрат" 1,2 миллион еуроға футболшы сатып алуы мүмкін Фото © kicker.de

Конгодан шыққан неміс шабуылшысы, екінші Бундеслигадағы "Парерборн" клубының ойыншысы Стрели Мамба қазақстандық "Қайрат" клубына өтуі мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz басылымы Kicker-ге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Конгодан шыққан неміс шабуылшысы, екінші Бундеслигадағы "Парерборн" клубының ойыншысы Стрели Мамба қазақстандық "Қайрат" клубына өтуі мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz басылымы Kicker-ге сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, "Падерборн" ойыншысы үшін түрлі бонус қосып, миллион еуроға жуық талап етуді көздеп отыр. Себебі ол неміс командасымен 2022 жылға дейін шарт жасасқан. 

Transfermarkt сайты 26 жастағы ойыншының нарықтағы бағасын 1,2 миллион еуроға бағалады. Мамба шабуыл ортасында да, қапталда да жақсы ойнайды. 

Стрели Мамба отанында жастар командасында - "Штутгартта" ойнады. Сондай-ақ "Энерги" және басқа клубтардың құрамында болды. Күзде бірінші Бундеслигадағы "Кельн" оны 1,5 миллион еуроға сатып алуға дайын болған. Бірақ трансфер жасалмай қалды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети