"Қайрат" 16 жылда алғаш рет Қазақстан чемпионы атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қайрат" 16 жылда алғаш рет Қазақстан чемпионы атанды Фото: ҚКФЛ©

Алматылық "Қайрат" клубы футболдан Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық "Қайрат" клубы футболдан Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz

Бүгін, 3 қарашада алматылық команда шымкенттік "Ордабасыны" қабылдап, 3:1 есебімен жеңіске жетті. 

Кездесу есебін 36-минутта бразилиялық шабуылшы Вагнер Лав ашты. 

Артынша бас төреші "Ордабасы" қақпасына пенальти белгілеген. Нүктеге Нұралы Әліп келіп, айып добын сәтті орындады. 

Бірінші таймда екі доп басымдығына ие болған "Қайрат" ойыншылары екінші таймды сылбыр бастады. Сөйтіп, 77-минутта шымкенттік команданың шабуылшысы Жоао Пауло есеп айырмасын қысқартты. 

Бірақ 80-минутта қонақтар сапынан алаңға тыңнан шыққан Ұлар Жақсыбаев өз қақпасына гол соғып, матч нүктесін қойды. 

Айта кетейік, алматылық команда маусым соңына дейін әлі үш ойын өткізеді. 

Бірақ бұл жеңісінен кейін "Қайрат" мерзімінен бұрын чемпион атанып отыр. Алматылық команда 16 жылдан кейін алғаш рет ел чемпионы болды. 

Еске салайық, бұған дейін алты жыл қатарынан Қазақстан чемпионы деген атақты "Астана" командасы иеленіп келген. Бірақ биыл елордалық ұжым екінші орынға талас жүргізіп жатыр. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети