Кеше, 28 тамызда Монакода турнирдің негізгі кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтті. Алматылық "Қайраттың" Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі қарсыластары белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қайраттың" өз алаңындағы ойындары
Алматылықтар үшін ең беделді қарсылас мадридтік "Реал" болмақ. Чемпиондар лигасының кубогын 15 мәрте иеленген клуб, бұдан бөлек "галактикос" Испания чемпионатын 36 рет жеңіп алған.
Бұдан бөлек, Алматыға бельгиялық "Брюгге", гректің "Олимпиакосы" және кипрлік "Пафос" келеді. Бұл үш клубты еңсеру мүмкін емес деуге болмайды, сондықтан "Қайраттың" ұпай жинауға толық мүмкіндігі бар.
"Қайраттың" сырт алаңдағы матчтері
"Қайратқа" сырт алаңда миландық "Интермен" күш сынасуға тура келеді, айта кетейік, атақты италиялықтар Чемпиондар лигасын 3 рет, ал ұлттық біріншілікті 20 рет жеңіп алған.
Лондонда алматылықтар жергілікті "Арсеналмен" ойнайды – 13 мәрте Англия чемпионы атанған және 2006 жылы Чемпиондар лигасының финалисі болған команда.
Португалияда "Қайрат" лиссабондық "Спортингпен", ал Данияда астаналық "Копенгагенмен" кездеседі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!