12 шілде 2019 | 09:04

"Қайрат" Еуропа лигасын сырт алаңдағы жеңіспен бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Қайрат" ФК © "Қайрат" ФК

Алматылық "Қайрат" Еуропа лигасында сырт алаңда босниялық "Широки Бриегті" жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz


Иконка комментария блок соц сети

Алматылық "Қайрат" Еуропа лигасында сырт алаңда босниялық "Широки Бриегті" жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz

Бірінші іріктеу кезеңіндегі ойын 12 шілдеге қараған түні "Пецара" стадионында өтіп, қонақтардың пайдасына 2:1 есебімен аяқталды. 

"Қайрат" матчтың 29-минутында алға шықты - жартылай қорғаушы Бауыржан Исламханның пасынан кейін украиналық форвард Адеринсола Эсеола қанжығасын майлады. 

Бірақ "Широки Бриег" ойыншылары есепті жылдам теңестіріп тастады - 34-минутта ресейлік хавбек Иван Ениннің алыстан бағыттаған добы Стас Покатилов қақпасына еніп кетті. 

Ойын тағдыры екінші таймда шешілді. "Қайрат" 58-минутта айып соққысын голға айналдыра алды: Исламхан допты сол қанатқа жеткізді, мұнда жалғыз тұрған қорғаушы Елдос Ахметов айып алаңына пас асырған, Эсеола дубль жасап, матч нүктесін қойды. 

Енді "Қайрат" пен "Широки Бриег" арасындағы қарымта ойын 18 шілдеде Алматыда өтеді. Басталуы - елорда уақытымен 20:30-да. Алаң иелері кем дегенде тең түссе не 0:1 есебімен жеңілсе, келесі кезеңге өтеді. 

Айта кетейік, Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде "Ордабасы" өз алаңында грузиялық "Торпедоны" 1:0 есебімен жеңген, ал "Тобыл" сырт алаңда люксембургтік "Женесс" командасымен тең тарқасқан болатын - 0:0. Бұл командалардың да қарымта кездесуі 18 шілдеде өтеді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети