05 қараша 2018 | 16:47

"Қайрат" ФК Андрей Аршавиннің клубтан кеткенін хабарлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық "Қайрат" футбол клубы ресми сайтында ресейлік 37 жастағы жартылай қорғаушы Андрей Аршавиннің командадан кеткенін хабарлады. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматылық "Қайрат" футбол клубы ресми сайтында ресейлік 37 жастағы жартылай қорғаушы Андрей Аршавиннің командадан кеткенін хабарлады. 

"Қарағандылық "Шахтермен" матчта клуб және жанкүйерлер оңтүстік астананың барлық тұрғындарын тәнті еткен футболшы Андрей Аршавинді алматылық клуб сапындағы жарқын карьера үшін алғыс айтады", - делінген хабарламада.

"Қайрат" - "Шахтер" ойыны 11 қарашада Қазақстан премьер-лигасының қорытынды 33-ші туры аясында өтеді.

"Қайрат" сапында Андрей Аршавин 2016 жылдың наурызынан бері ойнап келеді. Алматылық команда үшін ол барлық турнирлерде 107 матч өткізіп, 37 нәтижелі пас берді және 30 гол салды. Сонымен бірге, 13 сары қағаз бен бір рет қызыл қағаз алған. Ресейлік футболшы екі рет чемпионаттың күміс жүлдегері атанды, Қазақстанның кубогы мен Суперкубогын иеленген. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети