21 шілде 2021 21:57

"Қайрат" клубы "Црвена Звезда" командасын жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© fckairat.com © fckairat.com

"Қайрат" футбол клубы Чемпиондар лигасының екінші раундында сербтің "Црвена Звезда" командасын жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қайрат" футбол клубы Чемпиондар лигасының екінші раундында сербтің "Црвена Звезда" командасын жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының Орталық стадионында өткен ойын 2:1 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.

12-минутта Косович жамбастың артқы бетінің бұлшықетін созып алды, нәтижесінде оны алаңнан алып кетті, ал оның орнына Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский алаңға шықты. 24-минутта Хосе Канте допты қақпаға дәл бағыттады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Vesti.kz - Живи спортом ?? (@vestikzsport)

Алайда 57-минутта Дино Миканович жасалған соққыны қайтарамын деп өз қақпасына гол соғып алды. Ал 79-минутта алматылық клуб футболшылары жеңіс голын соқты. Маки Баньяк серб қақпасынан саңылау тапты.

Енді қарымта ойын 29 шілдеде Белградта өтеді.

Айта кетейік, командалар еурокубоктерде кездескен болатын. 2002 жылы УЕФА кубогы біліктілігінің бірінші раунды аясында "Қайрат" екі ойында да 0:2 және 0:3 есебімен жеңіліп қалған еді.

Алайда, 2015/16 жылғы маусымда алматылық клуб Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінде сенімді реванш өткізді. "Қайрат" сербиялық клубты 4:1 есебімен жеңді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети