07 сәуір 2016 19:21

"Қайрат" клубына бас бапкер тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vesti.kz © Vesti.kz

"Қайрат" футбол клубының бас бапкері қызметіне Кахабера Цхададзе келді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Ақпарат құралдарының мәліметінше, грузин маманымен келісімшарт осы кезеңнің соңына дейін жасалды.

Цхададзе немістің "Айнтрахте", ағылшынның "Манчестер Сити", сонымен қатар, мәскеулік "Динамо" және "Спартак" клубтарының құрамында өнер көрсеткен. Сонымен қатар, ол Грузия құрамасында ойнады. Бапкерлік жолындағы мансабын маман 2001 жылы грузиннің "Локомотив" клубында бастаған. Кейін "Сиони", "Стандарт" және "Интер" сияқты клубтарды жаттықтырды. 2016 жылға дейін ол Грузия ұлттық құрамасын басқарған. Бапкер ретінде Кахабер Цхададзе Грузияның екі дүркін чемпионы және Әзірбайжан чемпионатының алтын медаль иегері атанды.

Еске сала кетейік, "Қайратты" осыған дейін жаттықтырған ресейлік маман Александр Бородюк сәуір айыынң басында қызметінен кеткен болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети