Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

"Қайрат" Лучано Спаллеттимен келісімге келгенін мәлімдеді

01 Сәуір 2014, 10:00
0
Лучано Спаллетти. Сурет: "Қайрат" командасының ресми сайтынан
Лучано Спаллетти. Сурет: "Қайрат" командасының ресми сайтынан

Питерлік "Зенит" клубының бұрынғы бас бапкері Лучано Спаллетти алдағы уақытта жұмысын Қазақстан премьер-лигасында жалғастырады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қайрат" командасының ресми сайтына сілтеме жасап.

55 жастағы итальяндық маман "Қайрат" клубымен келісім шарт жасау үшін Алматыға келген. Бұл бапкермен алматылық команда "0,5 + 2 жыл" жүйесі бойынша келісім жасауға ниетті, деп жазады ресми сайт.

Қазірде маман мен клуб жетекшілері бапкердің жалақысы туралы келісімдер жүргізіп жатыр. Бүгін түске дейін бұл мәселе өз шешімін табу керек. Егер қос тарап келісімге келіп жатса, онда Лучано Спаллетти Алматыға өзінің көмекшілерін де алып келетін болады. Ал, итальяндық маманның алдына "Қайратты" Еуропа лигасының 1/4 финалына дейін алып шығу деген тапсырма қойылады. 

Айта кетейік, Лучано Спаллеттидің соңғы жұмыс орны питерлік "Зенит" командасы болған. Бірақ, ресейлік команда маманды 2014 жылдың наурыз айында орнынан босатқан. Бұл командамен Спаллетти 2010 және 2012 жылғы Ресей біріншілігін, Ресей кубогын және Ресей Суперкубогын жеңіп алған. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай