"Қайрат" Люксембургте ірі есеппен жеңіп, топтық кезеңге жақындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қайрат" Люксембургте ірі есеппен жеңіп, топтық кезеңге жақындады Фото: "Қайрат" ФК©

Алматылық "Қайрат" Конференция лигасы плей-офф кезеңінің бірінші матчінде Люксембургтің "Фоласын" жеңіп, турнирдің топтық кезеңіне бір қадам жақындады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық "Қайрат" Конференция лигасы плей-офф кезеңінің бірінші матчінде Люксембургтің "Фоласын" жеңіп, турнирдің топтық кезеңіне бір қадам жақындады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Люксембургте өткен кездесу 4:1 есебімен аяқталды. Алматылықтар сапынан Вагнер Лав 37 және 70-минутта гол соқты, бразилиялық шабуылшы екінші голын пенальтиден салды. Артур Шушеначев (28-минут) пен Рикардо Алвеш (43 -ші) бір мәрте көзге түсті. "Фоланың" жалғыз голын 19-минутта Мирза Мустафич салды.

Қарымта кездесу 26 тамызда Алматы Орталық стадионында өтеді, матч елорда уақытымен 20:00-де басталады. Бұл жұптың жеңімпазы Конференция лигасының топтық кезеңінде ойнайды. 

Еске салайық, мұның алдында қарағандылық "Шахтер" Нұр-Сұлтанда Тель-Авивтің "Маккаби" клубынан 1:2 есебімен жеңіліп қалған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети