“Қайрат“ - “Реал“ ойынына билеттер: полиция мәлімдеме жасады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Қайрат“ - “Реал“ ойынына билеттер: полиция мәлімдеме жасады Фото: ©️ Tengrinews.kz / Болат Айтмолда/ depositphotos.com/ Musiu0

Алматы полициясының баспасөз қызметі қазақстандықтарға "Кайрат" пен "Реал" арасындағы Чемпиондар лигасы матчінің жалған билеттері туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясының баспасөз қызметі қазақстандықтарға "Кайрат" пен "Реал" арасындағы Чемпиондар лигасы матчінің жалған билеттері туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, 30 қыркүйекте Алматыда "Орталық" стадионда алғаш рет тарихта мадридтік "Реал" ойнайды. Билеттердің сатылымы мен бағасы әзірге жарияланбаған, ал полиция бұл ойын алаяқтық қаупін арттырды деп есептейді.

"Бұл жеңіс – бәріміздің ортақ қуанышымыз. Бірақ сонымен қатар сіздерге ескертуге міндеттіміз: жалған билеттерге қатысты алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті", – деді Алматы ДП киберқылмыспен күрес басқармасының бастығы Әнес Қалдыбаев.

Оның айтуынша, күмәнді сайттарда жалған билеттер сатыла бастаған.

Полицейлер билеттерді қайта сату және заңсыз сатуға тыйым салынғанын ескертті.

"Күмән туындаған жағдайда тек ресми дистрибьютордың кассасына ғана жүгініңіздер", – деп түйіндеді ДП өкілі.

"Кайрат" – "Реал" матчінің билеттері қашан сатылымға шығады?

Еске салайық, "Кайрат" – "Реал" ойынына билеттер әлі сатылымға түскен жоқ. Соңғы жылдар тәжірибесіне сүйенсек, олар ойынға кемінде үш апта қалғанда клубтың ресми сайтында пайда болуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети