"Қайрат" сапына "Манчестер Юнайтедтің" бұрынғы ойыншысы қосылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қайрат" сапына "Манчестер Юнайтедтің" бұрынғы ойыншысы қосылды Фото: tf.rs

"Партизанның" 32 жастағы жартылай қорғаушысы Зоран Тошич карьерасын алматылық "Қайратта" жалғастырады, - деп хабарлайды сербиялық Telegraf.rs порталы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Партизанның" 32 жастағы жартылай қорғаушысы Зоран Тошич карьерасын алматылық "Қайратта" жалғастырады, - деп хабарлайды сербиялық Telegraf.rs порталы. 

БАҚ-тың мәліметінше, футболшы белградтық команда сапында үш матч өткізеді, сол уақытқа дейін Қазақстанда барлық әкімшілік мәселе шешіледі. Келісімшарт екі жылға жасалады. 

Тошич "Қайратпен" келіссөз жүргізу үшін Алматыға келіп кеткен, кейін алматылық клубтың өкілдері Сербияға барған. Футболшы "Қайраттың" қаржылық шарттары ұнаған соң ұсынысты қабылдаған. 

Айта кетейік, Тошич 2008/2009 жылғы маусымда "Манчестер Юнайтед" сапында Англия чемпионы болған. Сондай-ақ мәскеулік ЦСКА құрамында РПЛ-дің үш дүркін чемпионы атанған, чемпионатты үш рет күміс, бір рет қола медальмен аяқтаған. Сонымен қатар, ол Ресей кубогы мен Суперкубогын екі рет иеленген. "Партизанмен" бірге Сербия чемпионатында топ жарған. 

2007-2016 жылдар арасында Сербия құрамасында ойнаған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 508.3  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети