29 шілде 2021 | 08:53

"Қайрат" Сербияда 5 гол жіберіп, Чемпиондар лигасымен қоштасты

Фото vk.com / @fckairat

Алматылық "Қайрат" сербиялық "Црвена Звездадан" жеңіліп, Чемпиондар лигасымен қош айтысты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматылық "Қайрат" сербиялық "Црвена Звездадан" жеңіліп, Чемпиондар лигасымен қош айтысты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңінің қарымта матчі Белградта өтіп, 5:0 есебімен аяқталды. Алаң иелері бірінші таймда үш гол соғып үлгерді. 

10-минутта Александар Катай алыстан дәл соққы жасап, "Црвенаны" алға шығарды. 

Реклама
Реклама

12 минуттан соң Лоис Дьони айып алаңына енер тұста алыс бұрышты дәл көздеп, командасының басымдығын ұлғайтты. 

Бірінші тайм аяқталар тұста Катай айып соққысынан есепті 3:0 қылды. 

Екінші таймның басында таблода 4:0 есебі тұрды - жартылай қорғаушы Мирко Иванич (49-минут) көзге түсті. Жеті минуттан соң Филиппо Фалько ойынның бесінші әрі соңғы голын соқты.  

Еске салайық, Алматыда өткен алғашқы кездесуде "Қайрат" 2:1 есебімен жеңген болатын. Осылайша, "Црвена Звезда" екі матч қорытындысы бойынша 6:2 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды. 

Ал "Қайрат" енді Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде ойнайды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная