"Қайрат" Швейцарияда "Базельден" жеңіліп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қайрат" Швейцарияда "Базельден" жеңіліп қалды Фото: "Қайрат" ФК

Алматылық "Қайрат" УЕФА Конференция лигасы топтық кезеңінің 2-турында жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық "Қайрат" УЕФА Конференция лигасы топтық кезеңінің 2-турында жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қайрат" бұл турда швейцариялық "Базельге" қонаққа барған. Матч алаң иелерінің пайдасына 4:2 есебімен аяқталды.

"Базель" алматылықтар қақпасына қатарынан төрт гол салды. Бірінші таймда Артур (15-минутта) мен Майкл Ланг (21 мен 40-минутта) көзге түсті. Үзілістен кейін Дэн Ндойе (49-минутта) командасының төртінші голын салды. 

Кейін алматылықтар бұған екі голмен жауап қата алды. 66-минутта Канте гол соқса, екі минуттан соң Рикарду Алвеш пенальтиден гол салды. 

Енді "Қайрат" Конференция лигасындағы келесі матчін 21 қазанда әзербайжандық "Карабахпен" кездеседі. 

Еске салайық, "Қайрат" турнирдің 1-турында өз алаңында кипрлік "Омониямен" 1:1 есебімен тең түскен еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети